15 мамырдан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының теңгеге бағамына апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды

15.05.19, 18:56
/KASE, 16.05.19/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) 2019 жылдың 15 мамырынан бастап орындалуы 2019 жылдың 15 маусымында АҚШ долларының теңгеге бағамына апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды. F_USDKZT1906 фьючерсі айлық фьючерске айналады, сауда-саттықтың соңғы күні 2019 жылдың 14 маусымы болып табылады. Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі Туынды қаржы құралдарының биржалық сауда-саттығына KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында https://kase.kz/ru/clearing/members/ мекен- жайы бойынша жарияланды. Биржадағы фьючерстер сауда-саттықтарының нәтижелері https://kase.kz/ru/futures/ мекен-жайында жарияланады. KASE деривативтер нарығының қызметін реттейтін, биржаның ішкі құжаттарының мәтіндері http://www.kase.kz/kz/rules_kase мекен-жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан. [2019-05-16]