"Кселл" АҚ "Қазақстан Халық Жинақ Банкі" акционерлік 10,0 млрд теңге көлемінде банктік қарыз келісім-шартын жасағаны туралы хабарлады

14.05.19 17:00
/KASE, 14.05.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), 2019 жылдың 14 мамырындағы ақпараттық хабарламаны ұсынды: ... «Кселл» акционерлік қоғамы (бұдан әрі «Kcell» немесе «Компания») (LSE, KASE: KCEL) – Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші оператор, өз акционерлері мен инвесторларының назарына «Кселл» АҚ және «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында бекітілген Шұғыл кредит желісі туралы 2013 жылғы 24 қыркүйектегі келісім аясында 2019 жылдың 8 мамырында 10 миллиард теңге мөлшерінде банктік қарыз шартын жасағаны туралы ақпаратты жеткізеді. Қарызды алу күні – 2019 жылдың 13 мамыры, қарыз мерзімі - 2022 жылдың 12 мамырына дейін, сыйақы мөлшерлемесі - жылына 11%. Негізгі борышты өтеу қарыз мерзімі аяқталған күні біржолғы төлеммен жүргізіледі. Сұранымдар үшін: Kcell Инвесторлармен байланыс Ирина Шоль Тел: +7 727, 2582755, ішкі 1002 Investor_relations@kcell.kz БАҚ Наталья Еськова Тел: +7 727 2582755, қос. 1902 Pressa@kcell.kz Халықаралық БАҚ Instinctif Partners Тел: +44 207 457 2020 Кэй Ларсен, Галина Кулачек ... [2019-05-14]