KASE 2019 жылдың сәуір айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді

14.05.19, 15:34
/KASE, 14.05.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) бүгін 2019 жылдың сәуір айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған статистикалық ақпарат ұсынылған, Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізді. Ағымдағы кезеңде сауда-саттықтың жиынтық көлемі 10 767,9 млрд теңгеге жетіп, алдыңғы айға қарағанда 10,4 % немесе 1 016,7 млрд теңгеге өсті. Қаржы нарығы оң динамиканы қамтамасыз етті, бағалы қағаздар нарығы - 5,2 %, шет елдік валюталар нарығы – 1,1 %, қаржы нарығы – 11,4 % құрады. Бағалы қағаздар нарығы, шет елдік валюталар, қаржы (репо және валюталық своп) көрсеткіштері туралы толық ақпаратпен KASE интернет- сайтында Биржаның баспасөз хабарламасымен – http://kase.kz/files/press/ru/14_05_2019_Itogi_April_rus.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-05-14]