KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болып Е.А.Біртанов сайланды

13.05.19, 17:25
/KASE, 13.05.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 13 мамырындағы шешімімен KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болып Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары Есжан Амантайұлы Біртанов сайланды. KASE Директорлар кеңесінің төрағасы болмаған жағдайда, оны алмастырушы болып Директорлар кеңесінің мүшесі – "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ тәуелсіз директоры; "Қазақстан қаржыгерлерінің бірлестігі" ЗТБ кеңесінің мүшесі – Қадыржан Қабдошұлы Дамитов сайланды. KASE Директорлар кеңесінің жаңартылған құрамы KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/kase_management/ жарияланады. [2019-05-13]