АНОНС: 2019 ЖЫЛДЫҢ 29 МАМЫРЫНДА KASE "ҚОР НАРЫҒЫНДА ҚАЛАЙ САТУ КЕРЕК" АТТЫ СЕМИНАР ӨТКІЗЕДІ

08.05.19, 10:16
/KASE, 08.05.19, 04.05.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 29 мамырында жеке инвесторлар үшін "Қор нарығында қалай сату керек" атты семинар өткізетіні туралы хабарлайды. Өтетін орны: Байзақов көшесі 280, "Almaty Towers" Көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE мәжіліс залы. Өтетін уақыты – алматы уақытымен сағат 14-00. Семинарға қатысу тегін. Іс-шараның спикерлері - KASE қызметкерлері және брокерлік компания өкілдері. Семинардың мақсаты қазақстан халқын отандық қор нарығы және оның мүмкіндіктері туралы білімдерін жетілдіру. Тыңдаушылар бірізді лекциялар сериясына қатыса отырып, қор нарығының инфрақұрылымы мен оның негізгі элементтері туралы қосымша білім ала алады. Оқыту бағдарламасы бағалы қағаздар түрлері туралы ақпарат беруді, бағалы қағаздардың алғашқы және қайталама нарығындағы түсініктерін ашу, бағалы қағаздар әдістемесіне талдау жасауды үйретуді қарастырады. Қатысу үшін 2019 жылдың 27 мамырынан кешікпей, тиісті өтінімді customers@kase.kz жіберу арқылы тіркелу қажет. Өтінімде келесі мәліметтерді көрсету қажет: - қатысушының аты-жөні; - айналысатын қызметі; - қызметкердің байланыс мәліметтері. Қатысу мәселелері бойынша Эмитенттер мен инвесторлармен жұмыс департаментіне Ардақ Ашимоваға +7 (727) 237 6019 телефонына хабарласуға болады. [2019-05-08]