"ForteBank" АҚ 2018 жылға қаржылық есептілігін бекітті және дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

03.05.19 17:33
/KASE, 03.05.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ForteBank" АҚ (Астана), биржаға акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысындағы дауыс беру қорытындысы туралы 2019 жылдың 29 сәуіріндегі баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "ForteBank" АҚ (Басқарманың орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық к-сі, 8/1, (бұдан әрі – "Банк") 2018 жылғы 02 сәуірде Астана уақытымен сағат 10.00-ден 11.00 дейін келесі мекенжайда өткен: Қазақстан Республикасы, Z05P1P0/010017, Астана қаласы, Достық көшесі, 8/1, 8-қабат, "Semey" мәжіліс-залы, Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысындағы (бұдан әрі – "Жиналыс") дауыс беру қорытындысы туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста келесі мәселелер қаралды және дауыс беру нәтижелері бойынша келесідей шешімдер қабылданды. * * * Күн тәртібінің 1-мәселесі бойынша "Банктің 2018 жылғы жылдық қаржылық есебін бекіту туралы" Қосымша тіркелген, "ForteBank" АҚ-тың 2018 жылғы аудиттелген жылдық қаржылық есебі бекітілсін. * * * Күн тәртібінің 2-мәселесі бойынша "Банктің 2018 жылғы таза табысын үлестіру тәртібін бекіту, Банктің бір жай акциясына есептегендегі дивиденд мөлшері туралы" 1. "ForteBank" АҚ-тың 2018 жылғы үлестірілмеген табыс бөлігін үлестірудің келесі тәртібі бекітілсін: – 2018 жылғы дивидендтерді төлеуге 11 600 000 000,00 (он бір миллиард алты жүз миллион) теңгеден аспайтындай мөлшердеге сома бөлінсін; – Банктің билігінде дивидендтерді төлегеннен қалған, таза табыс сомасы қалдырылсын. 2. "ForteBank" АҚ-тың бір қарапайым акциясына 0,127 теңге (сегіз бүтін оннан бес тиын) мөлшерінде есептеумен, онымен қоса Қазақстан Республикасы заңнамасында анықталған тәртіпте төлеуге тиісті салық сомасымен дивиденд мөлшері бекітілсін. Бұл ретте әрбір акционерге төленетін дивидендтердің жалпы сомасы бүтін тиынға дейін нақты анықталады (дөңгелектеу математикалық дөңгелектеу ережесі бойынша орындалады). Математикалық дөңгелектеу ережесі дегеніміз бүтіннен кейінгі сан 0-ден 4-ке дейін болса, бүтін мәні өзгермейді және бүтіннен кейінгі сан 5-тен 9-ға дейін болса, бүтін бір бірлікке көбейеді. 3. Дивидендтерді алуға құқы бар акционерлердің тізімі 2019 жылғы 02 мамырдағы Нұр-Сұлтан қ. уақытымен 00 сағат 00 минуттағы жағдайы бйынша тіркеп бекітілсін. 4. "ForteBank" АҚ-тың қарапайым акциялары бойынша дивидендті төлеуді бастау күні - 2019 жылғы 02 мамырдан бастап анықталсын. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/ASBN/asbn_reliz_030519_1.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-05-03]