"Tengri Bank" АҚ 2019 жылдың 30 мамырында акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды

30.04.19 14:55
/KASE, 30.04.18/ – Бағалы қағаздары "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) ресми тізімінде тұрған "Tengri Bank" АҚ (Алматы) 2019 жылдың 30 мамырында сағат 10:00-де акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды, күн тәртібінде: - банктің 2018 жылға қаржылық есебін бекіту туралы. - банктің 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібін бекіту. - банктің және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері. - банктің Директорлар кеңесінің өткен қаржы жылына жұмысы туралы есебін назарға алу; - банктің Директорлар кеңесінің және Басқармасы мүшелеріне сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат. - банктің 2019 жылға жылдық қаржылық есебіне аудит жүргізетін аудиторлық компанияны анықтау туралы. Жиналыс өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/DNBN/dnbn_annual_shareholders_meeting_info_300519_922.pdf [2019-04-30]