ХАБАРЛАМА: 2019 жылдың 30 мамырында "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын өткізу туралы хабарлайды

26.04.19 18:55
/KASE, 26.04.18/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ акционерлік қоғамы (бұдан әрі – биржа) орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050040, Алматы қ., Байзақов көш, 280, "Almaty Towers" Көпфункциялы кешенінің Солтүстік мұнарасы, 8ші қабат, өз акционерлеріне, Қазақстан Республикасының "Акционерлік қоғам туралы" заңының (әрі қарай – "Акционерлік қоғам туралы" заң) 35 бабы 1 тармағы және 37 бабының 3 тармағы 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы заңының 41 бабына сәйкес , Директорлар кеңесінің бастамасымен шақыртылатын (2019 жылдың 26 сәуіріндегі №23 отырыс хаттамасы), биржа акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы (бұдан әрі – жиналыс) болып өтетіні туралы хабарлайды. Жиналыс 2019 жылдың 30 мамырында алматы уақытымен сағат 15.00-де: Алматы қ., Байзақов көшесі, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 1ші қабат, мекен-жайында болып өтеді. Биржаның 2018 жылға қызметі туралы. 2.Биржаның 2018 жылға қаржылық есебін бекіту туралы. 3.Биржаның 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібі. 4.Биржаның 2019 жылға жылдық қаржылық есебіне аудит жүргізетін аудиторлық компанияны анықтау туралы. 5.Биржаның № 4 жарғысына өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы. 6."Қазақстан қор биржасы" АҚ акцияларды сатып алу кезінде құнын анықтау Әдістемесіне №2 өзгертулерді бекіту туралы. 7."Қазақстан қор биржасы" АҚ Корпоративтік басқару кодексіне №2 өзгертулерді бекіту туралы. 8.Директорлар кеңесі туралы қағидаға №3 өзгертулер мен толықтыруларды бекіту туралы. 9.Биржаның және оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне акционерлердің шағымдары, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері. 10.Биржаның Директорлар кеңесінің және Басқармасы мүшелеріне сыйақы көлемі мен құрамы туралы ақпарат. 11.Директорлар кеңесінің мүшелеріне 2018 жылға сыйақы беру туралы. Жиналысқа қатысушыларды тіркеу 2019 жылдың 30 мамырында алматы уақытымен сағат 14.00-ден 14.45-ке дейін жүргізіледі. Кворум болмаған жағдайда биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы 2019 жылдың 31 мамырында алматы уақытымен сағат 15.00-де сол мекен-жай бойынша өткізіледі. Биржа акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу 2019 жылдың 31 мамырында алматы уақытымен сағат 14.00-ден 14.45-ке дейін жиналыс өтетін мекен- жайда жүргізіледі. Жиналысқа қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі 2019 жылдың 15 мамырында алматы уақытымен сағат 00:00 жағдай бойынша жасалады. Жиналыстың күн тәртібіндегі мәселелер бойынша материалдар акционерлерге танысу үшін Биржа Басқармасының орналасқан орны бойынша жиналыс өтетін күнге дейін 10 күнтізбелік күннен кешіктермей, қол жетімді болады. [2019-04-26]