"Kaspi Bank" АҚ акционерлері 2018 жылға шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есебін бекітті, KZ1C00001536 (KSPI) жай акциялары бойынша дивиденд төлегені туралы шешім қабылдады және Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлады

23.04.19 12:14
/KASE, 23.04.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ (Алматы), 2019 жылдың 08 сәуірінде акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы биржаға хабарлады: - компанияның аудиторларының есебін ескере отырып, 2018 жылға шоғырландырылған және шоғырландырылмаған қаржылық есебін бекітті; - компанияның 2018 жылға таза табысын бөлу келесі тәртіпен бекітілсін: - компанияның бір жай акциясына 170,00 теңге көлемінде дивиденд төлеу; - дивиденд төленетін кезең: 2018 жыл; - төлеуді бастау күні: 2019 жылдың 08 сәуірі; - компанияның таза табысын компанияның бөлінбеген таза табысының қалған бөлігін толықтыруға жіберу; - акционерлердің компанияның және оның лауазымды тұлғаларының іс- әрекетіне жүгіну бойынша мәліметтерді назарға алсын; - Директорлар кеңесінің мүшесі – тәуелсіз директор Г.Ж. Койайдарованың уәкілеттігі 2019 жылдың 08 сәуірінен бастап жеке бастамасымен мерзімінен бұрын тоқтатылсын. Директорлар кеңесінің сандық құрамы алты адамнан тұрады. Директорлар кеңесінің мүшелері сайлансын; - Мәміле жасау, атап айтқанда андеррайтингке қолдау туралы келісім- шарт жасау. Аталмыш ақпарат жарияланған – http://kase.kz/files/emitters/KSPI/kspi_annual_shareholders_meeting_results_080419_50.pdfсандық [2019-04-23]