"Қазақстан халық Жинақ банкі" АҚ акционері 2018 жылға жылдық қаржылық есептілігін бекітті және KZ000A0LE0S4 (HSBK) жай акциялары бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдады

19.04.19 18:03
/KASE, 19.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстан халық Жинақ банкі" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), жалғыз акционерінің 2019 жылдың 18 сәуіріндегі шешімдері туралы хабарлады: - 2018 жылға банктің қаржылық есептілігі тәуелсіз аудиторының есебімен бірге бекітілсін; - банктің 2018 жылға таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін; - таза табыстың бір бөлігі банктің жай акциялары бойынша дивиденд төлеуге жіберілсін; - дивиденд төлеуден артылған таза табыстың бір бөлігі бөлінбесін және бөлінбеген таза табысқа жіберілсін. Акционерлердің жалпы жиналысында барлығы 14 мәселе бойынша шешім қабылданды. Аталмыш ақпаратпен – http://kase.kz/files/emitters/HSBK/hsbk_annual_shareholders_meeting_results_180419_7241.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-04-19]