2019 жылдың 29 мамырында "Кселл" АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысы болып өтеді

18.04.19 18:15
/KASE, 18.04.18/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Кселл" АҚ (Алматы), 2019 жылдың 29 мамырында сағат 11:00-де өз акционерлерінің келесі күн тәртібімен жылдық жалпы жиналысы болып өтетіні туралы биржаға хабарлады: - компанияның жарғысын жаңа редакцияда бекіту туралы; - Директорлар кеңесі мен атқарушы директор арасында қызметін бөлісу туралы нұсқаулық туралы; - компанияның корпоративтік басқару кодексін бекіту туралы; - компанияның 2018 жылға жылдық қаржылық есебін бекіту туралы; - компанияның таза табысын есептік қаржы жылына бөлу тәртібін бекіту туралы, жай акциялар бойынша дивиденд төлеу туралы шешім қабылдау және компанияның бір жай акциясына есептелген дивиденд көлемін бекіту туралы; - компанияға аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анытау туралы; - компанияның Диекторлар кеңесінің тәуелсіз мүшелеріне сыйақы мен өтемақы көлемі мен төлеу шарттары туралы ережесін бекіту туралы; - акциялардың құнын анықтау әдістемесіне оларды компания ұйымдастырылмаған нарықта жаңа редакцияда баяндау арқылы сатып алған жағдайда өзгертулерді бекіту туралы. Жиналыс өтуі туралы ақпарат KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_annual_shareholders_meeting_info_290519_3020.pdf жарияланған. [2019-04-18]