/ҚАЙТАЛАУ/ 2019 жылдың 19 және 22 сәуіріндегі KASE шетел валюталары сауда-саттықтарының регламенті

19.04.19 09:31
/KASE, 19.04.19, 10.04.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Германия мен Ұлыбританияда 19 сәуір (Страстная пятница) және 22 сәуір (Пасханың екінші күні) демалыс күндеру болуына байланысты "Сауда- саттық регламенті және растау жүйесінің жұмысы" атты KASE ішкі құжатына сәйкес 2019 жылдың 19 және 22 сәуірінде KASE шетел валюталарының сауда-саттықтарының кестесінде келесідей өзгерістер болатыны туралы хабарлайды: 19 сәуір: - EURKZT_TOD, EURUSD_TOD, EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 қаржы құралдарының сауда-саттықтары өткізілмейді; - EURKZT_1_002 қаржы құралының сауда-саттығы қолжетімді болады. 22 сәуір: - EURKZT_TOD, EURUSD_TOD, EURKZT_0_001 және EURKZT_0_002 қаржы құралдарының сауда-саттықтары өткізілмейді; - EURKZT_1_002 қаржы құралының сауда-саттығы қолжетімді болады. 23 сәуірден бастап KASE сауда-саттықтары әдеттегі тәртіптемеде жалғасады. Сауда-саттық регламенті және растау жүйесінің жұмысы http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-04-19]