"Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі" АҚ 2018 жылға жай акциялары дивиденд төлегені туралы хабарлады

18.04.19 17:57
/KASE, 18.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "Хоум Кредит энд Финанс Банк" Еншілес банкі" АҚ 2019 жылдың 18 сәуірінде 2018 жылға жай акциялары бойынша бір акцияға 257 954,00 теңге көлемінде дивиденд төлегені туралы хабарлады. Ұсынылған ақпаратқа сәйкес төленген сома 9 000 015 060,00 теңгені құрады. Жай акцияларды ұстаушылардың тізілімі 2019 жылдың 17 сәуірінде сағат 00: жағдай бойынша тіркелді. [2019-04-18]