"Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі отандық сабын, тазалау және жылтырату құралдарын өндіруші "Cleanser" ЖШС жобасын қаржыландырды

18.04.19, 15:25
/KASE, 10.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы), биржаға жолдаған 2019 жылдың 18 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды: цитата басы Зеренді көлінде (Ақмола облысы) жазғы лагерьді жалға алып және онда «Парус» демалыс орталығын ашу арқылы Арман Султанова өзінің кәсіпкерлік қызметін 2014 жылы бастады. Келесі жылы Арман Олжабековна ендігі жазғы лагерьді сатып алу мақсатымен Сбербанкке кредит рәсімдеу туралы өтініш берді, кредит 2015 жылы «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Даму» Қорымен бірлкте мақұлданды. «Парус» Отбасылық-сауықтыру орталығы тек солтүстік қазақстандықтар арасында ғана емес, Ресейдің жақын облысытарының тұрғындары арасында да танымал. Кешен тұрғын жай ұсыну және демалыс бойынша қызметтер ұсынады, сондай-ақ қайық, катамаран, қарда жүретін көлік жалдау, үрмелі батут және анттракциондар сияқты бірқатар қосымша қызметтер ұсынады. Сауықтыру кешенінің аумағында бірнеше корпус, оның ішінде түрлі алаңдар орналасқан, онда жыл бойы мәдени және спорттық шаралар өткізіледі. «Жыл сайын облысымызда біздің отбасылық-сауықтыру орталығымызда демалғанды қалайтын тұрғындар саны артып келеді. Клиенттер ағынының артуына байланысты, демалушылардың ойынан шығу үшін біз кешенді үнемі жаңартып отыруға және инфрақұрылымын дамытып отыруға тырысамыз», - дейді «Парус» демалыс орталығының басшысы Арман Султанова. Орталықты кеңейту және дамытуға байланысты 2018 жылдың соңында кәсіпкер Арман Султанова демалыс орталығын жаңарту бойынша жоба әзірледі, оған: жылыту жүйесін алмастыру, күн сәулесімен жылыту қондырғыларын орнату және кешен көшелерін жарықтандыруды жаңарту кіреді. Сбербанк «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірігіп, «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында Ақмола облысындағы «Парус» демалыс орталығын жаңарту жобасын мақұлдады және қаржыландырды. «Өлке табиғатының әсемдігін ескере келе, туризм саласы біздің аймақ үшін маңызды фактор болып табылады. Бұл бағыттағы сәтті кәсіпкерлік қызмет – керемет бастама, ол бұдан да көп туристтерді тартуға және сәйкесінше, экономиканың өзге де салаларын дамытуға септігін тигізеді», - деп атап өтті «Сбербанк» АҚ ЕБ Көкшетау қ. филиалының директоры Асель Махмудова. цитата соңы [2019-04-18]