"Цесна" Корпорациясы" АҚ KZ1P00000178 (TSNAp) артықшылықты акциялары 2019 жылдың 18 сәуірінен бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

18.04.19 09:46
/KASE, 19.02.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 19 ақпанындағы шешімімен "Цесна" Корпорациясы" АҚ (Нұр-Сұлтан, әрі қарай – компания) KZ1P00000178 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, TSNAp) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінен шығарылатыны туралы хабарлайды. KASE 2019 жылдың 09 сәуіріндегі қорытындысы бойынша KASE банктен келесі құжаттарды алғаны анықталды: - аталмыш облигацияларды ерікті түрде делистингілеу туралы 2019 жылдың 02 сәуіріндегі өтініші; - 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша компанияның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімінің көшірмесіне сәйкес аталмыш облигациялар орналастырылған жоқ; Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді. Аталмыш акциялар 2006 жылдың 17 қазанынан бастап KASE ресми тізіміне "В" санатына, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "стандарт" санатына енгізілген. Олардың сауда- саттықтары 2007 жылдың 15 қаңтарынан бастап ашылды. [2019-04-18]