"Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары болып С. Кенжебаева сайланды

17.04.19 11:10
/KASE, 17.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан) биржаға 2019 жылдың 16 сәуіріндегі баспасөз мәлімдемесін ұсынды: цитата басы "Қазақстанның даму банкі" АҚ ("Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ- ның еншілес ұйымы, бұдан әрі – ҚДБ, Банк) Басқармасы төрағасының орынбасары болып бұған дейін ҚДБ Басқарушы директоры қызметін атқарған Сандуғаш Кенжебаева сайланды. Тиісті шешімді ағымдағы жылғы 10 сәуірде Банк Директорлар кеңесі қабылдады. С.Кенжебаева ҚДБ Басқармасының мүшесі ретінде осы атқарушы органның ағымдағы жылғы 16 сәуірдегі отырысында ұсынылды. С.Кенжебаева жаңа лауазымында тәуекелдерді басқару, ақпараттық технологияларды, бизнес-процестерді дамыту, сондай-ақ әдіснама және модельдеу мәселелеріне жетекшілік ететін болады. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы KASE интернет-сайтында – http://kase.kz/files/emitters/BRKZ/brkz_reliz_160419_1.pdf мекен-жайында орналасқан. [2019-04-17]