KASE "Цеснабанк" АҚ KZ2C00002905 (TSBNb26) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты KASE_BM* сериясы индекстерінің өкілетті тізімінен алып тастады

16.04.19 16:21
/KASE, 16.04.19/ – "Қазақстан қор биржасы" АҚ (KASE) 2019 жылдың 16 сәуірінен бастап, олардың маркет-мейкері болмауына байланысты "Цеснабанк" АҚ KZ2C00002905 (TSBNb26) облигацияларын, айналыста болу мерзімі аяқталуына байланысты, негізгі алаңның өкілеттік тізімінен (KASE_BM* серия) алып тастады. 2019 жылдың 16 сәуірінен бастап KASE_BМ* индексінің өкілеттік тізімі 35 атаудағы облигациядан тұрады. KASE_ BMY – корпоративтік облигациялардың кірістілік индексі. KASE_BМC – корпоративтік облигациялардың бағалары бойынша (жинақталған, бірақ төленбеген) сыйақысын есепке алмай ("таза" бағасы бойынша) есептелетін бағалар индексі. KASE аталмыш индекстердің барлығын күніне бір рет, корпоративтік облигациялардың сауда-саттық нәтижелері бойынша есептейді. Индекстерді есептеу әдістемесі "Қор нарығының индикаторларын есептеу әдістемесі" атты KASE ішкі құжатымен реттеледі, осы құжатпен KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/files/normative_base/indicators_met.pdf мекен-жайы бойынша танысуға болады. [2019-04-16]