2019 жылдың 15 сәуірінен бастап Мүшелік жарналар, биржалық және клирингтік алымдар туралы Қағидаға енгізілген толықтырулар қолданысқа енгізіледі

12.04.19 18:20
/KASE, 12.04.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2019 жылдың 11 сәуіріндегі шешімімен "Мүшелік жарналар, биржалық және клирингтік алымдар туралы Қағида" атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 3 толықтырулар (толықтыру) бекітіліп, қолданысқа 2019 жылдың 15 сәуірінен бастап енгізілді. Аталмыш толықтырулармен Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасындағықаржы-несие саясатын жүргізуге және әзірлеуді қамтамасыз етуші мемлекеттік орган ретінде қатысатын жедел келісім-шарттармен операциялар бойынша комиссиялық алым төлеуден босатылады. Қағиданың жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланды – http://kase.kz/files/normative_base/tariff.pdf [2019-04-12]