АНОНС: 19 СӘУІРДЕ ҚАЗАҚСТАН ҚОР БИРЖАСЫНДА "ЭМИТЕНТ КҮНІ" ІС-ШАРАСЫ АЯСЫНДА "KEGOC" АҚ ЖЕТЕКШІЛІГІМЕН КЕЗДЕСУ БОЛЫП ӨТЕДІ

12.04.19 19:09
/KASE, 12.04.19, / – Қазақстан қор биржасы (Биржа немесе KASE) 2019 жылдың 19 сәуірінде KASE "Эмитент күні" іс-шарасы шегінде "KEGOC" АҚ (Астана) жетекшілігінің инвесторлармен және бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушыларымен кездесу болып өтетіні туралы хабарлайды. Іс-шараның басталуы – алматылық уақытпен сағат 11:00-де, өткізілетін орны: Алматы қ., Байзақов көш., 280, "Almaty Towers" КФК солтүстік мұнарасы, 1-ші қабат, KASE пресс-румы. Кездесу "KEGOC" АҚ Басқарма Төрағасы Б.Т.Қажиевтің қатысуымен акционерлердің жылдық жалпы жиналысы қарсаңында іс-шараға қатысушыларды компанияның 2018 жылғы жұмыс қорытындысымен таныстырады, операциялық және қаржылық көрсеткіштерін ұсынады, жүзеге аыруды жоспарлаған жобалары туралы ақпарат береді. Кездесу интерактивті түрде өтеді, қатысушылар компанияның даму стартегиясының маңызды мәселелеріне, компанияның кірісін арттыру және "KEGOC" АҚ инвестициясына сенімділігін арттыру жөніндегі сұрақтарға жауап ала алады. Осы іс-шараға қатысу үшін customers@kase.kz электронды мекен-жайына қатысушы туралы мәліметтерді (тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы, электронды поштасының мекен-жайы) көрсетілуі тиіс. "KEGOC" АҚ акционерлері брокерлерге қызықтыратын сұрақтарын қоя алады. Биржа "Эмитент күні" іс-шарасын қабылданған 2016-2018 жылдарға Биржаның даму стратегиясына сәйкес өткізеді. Осындай іс-шаралардың мақсаты Биржада саудаланатын бағалы қағаздарға инвесторлар тарапынан қызығушылықты арттыру, сондай-ақ компания акционерлерімен кері байланысты орнату болып табылады. [2019-04-12]