KASE 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізді

15.04.19 18:04
/KASE, 15.04.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 15 сәуірінде 2019 жылдың бірінші тоқсанындағы қорытындысы бойынша баспасөз конференциясын өткізгені туралы хабарлайды. 2019 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша KASE диынтық сауда-саттық көлемі 31,7 трлн теңгені құрады және 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6,2 % немесе 2,1 трлн теңгеге төмендеді. Оң динамиканы бағалы қағаздардың нарығы көрсетті, сауда-саттық көлемі 3,5 есе өсіп, 1,854 трлн теңгені құрады. Негізгі жобалар мен іс-шаралар туралы ақпараты бар баспасөз- хабарламасы, сондай-ақ бағалы қағаздардың көрсеткіштері, шет елдік валюталар, қаржы (репо және валюталық своп) KASE интернет-сайтында "Баспасөз хабарламасы" бөлімінде жарияланады – http://kase.kz/ru/press_releases/ [2019-04-15]