Биржалық симулятор: 01 сәуірден 12 сәуірге дейін сауда-саттық көлемі 995,5 млн теңгеге жетті

15.04.19 11:36
/KASE, 15.04.18/ – Бұрын хабарланғандай, 2019 жылдың 01 сәуірінен 30 сәуіріне дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған "Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығы өткізілуде. Байқаудың бір аптасы аралығында (01 сәуірінен 12 сәуірі аралығында) сауда-саттық көлемі 995,5 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 99,5 млн теңгеден асты. Төмендегі кестеде 2019 жылдың 01 сәуірі мен 12 сәуірі аралығында жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген: ---------------------------------------- Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге коды саны ------------ --------- ----------------- KZTK 802 310,5 GB_KZMS 763 166,6 RU_SBER 627 108,1 US_BAC_ 347 90,6 KEGC 441 63,2 KCEL 436 59,8 KZTO 431 56,9 HSBK 551 55,0 BAST 165 41,3 CCBN 311 22,7 RDGZp 127 20,8 ------------ --------- ----------------- Барлығы 5 001 995,5 ---------------------------------------- Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі – тиісінше 102 және 85,5 млн теңге. Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 30-дан астам оқу орындарының 1 020 студенті тіркелді. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі, осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді. Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер байқаудың жеңімпазы атанады Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі. [2019-04-15]