2019 жылдың 12 сәуірден бастап қаржы құралдарының тәуекел параметрлерін анықтау әдістемесіне өзгертулер қолданысқа енгізіледі

12.04.19 16:04
/KASE, 12.04.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2019 жылдың 11 сәуіріндегі шешімімен "Қаржы құралдарының тәуекел параметрлерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 5 өзгертулер (өзгертулер) бекітіліп, 2019 жылдың 12 сәуірінен бастап қолданысқа енгізілді. Аталмыш түзетулер туынды қаржы құралдарының есептеу бағасын анықтау тәртібін нақтылау мақсатында енгізілді. Әдістеменің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/files/normative_base/metodika_rp.pdf [2019-04-12]