Е.А. Біртанов KASE Директорлар кеңесінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілі ретінде тағайындалды

12.04.19, 11:41
/KASE, 12.04.19/ – Үстіміздегі жылдың 09 сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жолдаған хатымен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Есжан Амантайұлы Біртанов Қазақстан қор юиржасының (KASE) Директорлар кеңесінің құрамында уәкілетті органның өкілі болып тағайындалғаны туралы хабарлады. Қазақстан Республикасының "Бағалы қағаздар нарығы туралы" заңына сәйкес Қазақстан қор юиржасының (KASE) Директорлар кеңесінің құрамында уәкілетті органның екі өкілі кіреді. Осы кезге дейін Құрманов Жанат Бостанұлы (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының экс-орынбасары) Қазақстан қор юиржасының (KASE) Директорлар кеңесінің құрамында уәкілетті органның екі өкілі ретінде кірген. KASE Директорлар кеңесінің жуырдағы отырысында Қазақстан қор юиржасының (KASE) Директорлар кеңесінің төрағасын сайлау туралы сұрақ қаралады. KASE Директорлар кеңесінің құрамын KASE интернет-сайтында жарияланған – http://kase.kz/ru/kase_management/ [2019-04-12]