"ПОЗИТИВ-А" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

11.04.19 11:42
/KASE, 11.04.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ПОЗИТИВ-А" АҚ ("ПОЗИТИВ-А" АҚ, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған KZ1C60650013 жай акцияларының жалпы саны 978 088 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға Жылбаева Ж.А. болып табылады. [2019-04-11]