"Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
11.04.19 09:45
/KASE, 11.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ
("Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, бұдан әрі – банк) биржаға
өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі
жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- банктің жарияланған KZ1C50600010 жай акцияларының жалпы саны 7 830 000 дана;
- банктің барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- банктің жалғыз акционері және, тиісінше, банктің орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып
табылады.
[2019-04-11]