Сбербанк Онлайн – «Mobile Banking Rank 2019 Қазақстан» дерегі бойынша үздік мобильді банкинг

10.04.19 16:13
/KASE, 10.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" АҚ Еншілес Банкі (Алматы) биржаға 2019жылдың 10 сәуірінде жолдаған баспасөз мәлімдемесінде былай деп хабарлады: цитатаның басы "Markswebb" консалтингтік агенттігі ақпан-наурыз айында жүргізген "Mobile Banking Rank 2019 Казахстан" бастамашылық зерттеуі аясында 20-дан астам Қазақстандық банктер мен қаржы компанияларының мобильді қосымшаларына бағалау жүргізілді. Барлық қосымшалар цифрлік қызмет көрсету жұмыс істейтін екі бизнес-үлгі тұрғысынан бағаланды: Daily Banking және Digital Office. Бірінші бизнес- үлгіде клиенттің дебеттік картасындағы қаражатын басқаруы қолайлы болатын және өнім туралы ақпарат ала алатын мобильді банкинг тиімді болып есептеледі. Екіншісінде банк кеңсесіне немесе байланыс орталығына жүгінуді талап ететін клиенттік мәселелердің шешімдерінің мобильді банкингте болуы бағаланады. Мобильді қосымшаларды тәуелсіз бағалау мобильді құрылғылардың екі түрі: iPhone және Android смартфондарында жеке-жеке жүргізілді. Әр мобильді банк жеке кабинеттер бойынша тексерілді, бес юзабилити - сынақтан өткізілді және оған 0-ден 100 ұпайға дейінгі тиімділік бағасы берілді. Жүргізілген "Mobile Banking Rank 2019 Казахстан" тәуелсіз бағалауына сәйкес күнделікті тапсырмалар үшін ең үздік мобильді банкинг болып мобильді банкингтердің екі түрінде де жоғары ұпай жинаған Сбербанк Онлайн танылды. Бұл ретте зерттеушілер ақша қаражатын телефон нөмірі арқылы төлем сілтемесінсіз сұрату қызметі тек Сбербанкте ұсынылатынын ерекше атап өтті. Жақында банкте тағы бір ерекше функция енгізілді: алушыға ақша жіберген кезде оған қоса электронды позитивті эмоционалды ашық хат жіберуге болады. Сондай-ақ Сбербанк Altyn Bank және ForteBank-пен қатар мобильді банкингтегі ең үздік үш цифрлық кеңсе тізіміне енді. Барлық үш банкте клиент өзінің жеке деректерін қашықтықтан өзгертіп, түрлі банктік өнімдерді ашып, картаны қайта шығара алады. Сондай-ақ Сбербанкте клиенттер өз сұрақтарын қойып, жауап ала алатын онлайн - чат бар екенін атап өткен жөн. "Біздің мобильді қосымшамыз Сбербанк клиенттері арасында үлкен сұранысқа ие болғанына және нарық сарапшыларымен лайықты түрде бағаланғанына қуаныштымыз. Алдағы уақытта қосымша функционалы белсенді түрде дамытылатын болады, онда түрлі қаржы операцияларын жүргізуде Сбербанк клиенттерінің уақытын және материалдық шығындарын азайтуға мүмкіндік беретін қосымша қызметтер мен мүмкіндіктер ұсынылатын болады", - деп айтты "Сбербанк" АҚ ЕБ Карточкалық және электронды бизнес басқармасының директоры Илья Емельянов. Анықтама: "Сбербанк" АҚ ЕБ халықаралық Сбербанк тобына кіреді. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 13 жыл табысты жұмыс істеп келеді, 01.01.2019 ж. мәліметтерге сәйкес активтерінің көлемі бойынша Қазақстандағы ЕДБ арасында 2-орынды алады. Бүгінгі таңда "Сбербанк" АҚ ЕБ-нің 91 құрылымдық бөлімшеден тұратын филиалдық желісі бар, оның 17-сы - филиал. Банктің Орталық офисі Алматы қаласында орналасқан. . Қосымша ақпаратты алу үшін Сіз әрдайым төмендегі қызметкерлерге хабарласа аласыз Гульмира Мухсинова +7(727) 266-35-68 вн. 502466 e-mail: Gulmira.Mukhsinova@sberbank.kz цитатаның соңы [2019-04-10]