"Орталық-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ акционерлері компанияның жаңа редакциядағы жарғысын бекітті

10.04.19 16:00
/KASE, 10.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Орталық-Азиялық Электроэнергетикалық Корпорация" АҚ (Алматы) өз акционерлерінің 2019 жылдың 08 сәуірінде болып өткен кезектен тыс жалпы жиналысының корпорацияның жаңа редакциядағы жарғысын бекіту туралы шешімі туралы биржаға хабарлады. Бұдан басқа, "ПАВЛОДАРЭНЕРГО" АҚ, "СЕВКАЗЭНЕРГО" АҚ және "Ақмола Электрожелілік Бөлу Компаниясы" АҚ еншілес ұйымдарының Директорлар кеңестерінің құрамдарын өзгерту туралы шешім қабылданды. Осы ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/CAEP/caep_special_shareholders_meeting_results_080419_126.pdf мекен-жайында жарияланды. [2019-04-10]