"Казбургаз" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
09.04.19 12:35
/KASE, 09.04.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Казбургаз" АҚ (Ақсай, бұдан әрі – компания) биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған KZ1C26840013 жай акцияларының жалпы саны 970 812
дана, артықшылықты акциялар саны – 17 045 дана;
- компанияның 939 332 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары
орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "ИНТЕРИНЖ-АЛМАТЫ" ЖШС болып табылады,
оның меншігінде 939 332 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының
жалпы санынан 100,00% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан
98,22%) бар.
[2019-04-09]