"Kaspi Bank" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

05.04.19 10:53
/KASE, 05.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Kaspi Bank" АҚ (Алматы, бұдан әрі – банк) биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2019 жылдың 01 сәуіріндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - банктің жарияланған KZ1C31450014 жай акцияларының жалпы саны 39 000 000 дана, KZ1P31450110 артықшылықты акциялар саны – 500 000 дана; - банктің 19 500 000 жай акциялары және барлық артықшылық акциялары орналастырылған; - банк өзінің 1 154 460 жай акциясын және 127 516 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - банктің орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "KASPI GROUP" АҚ болып табылады, оның меншігінде 17 347 716 жай акциясы (банктің орналастырылған акцияларының жалпы санынан 94,56% немесе орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 86,74%) бар. [2019-04-05]