"Kaspi Bank" АҚ 2018 жылға банктің қаржылық есебі мен таза табысын бөлу тәртібін бекітті

05.04.19 10:17
/KASE, 05.04.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Kaspi Bank" АҚ (Астана) 2019 жылдың 01 сәуірінен бастап, акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы хабарлады: - банктің 2018 жылға аудиторлардың есебін ескере отырып, шоғарландырылған және шоғырландырылмаған есебін бекіту; - банктің 2018 жылдың қорытындысы бойынша алған таза табысын бөлудің келесі тәртібін бекітілсін: - банктің бір акцияға 1 500 теңге көлемінде жай және артықшылықты акциялары бойынша дивиденд төлеуді жүзеге асыру; - төлем кезеңі – 2018 жыл; - төлемді бастау күні: 2019 жылдың 1 сәуірі; - акционерлердің банктің және олардың лауазымды тұлғаларының әрекетіне 2018 жылдың қорытындысын қарастыру бойынша жүгінулері жоқ екендігі назарға алынсын; - банктің Директорлар кеңесі туралы қағидасына өзгертулер бекітілсін; - банктің Директорлар кеңесі мүшесі Г.Ж Койайдарованың өкілеттігі дмерзімінен бұрын тоқтатылсын, банктің Директорлар кеңесі мүшелігіне Ч.Ж.Рахметова сайлансын. Толық ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/CSBN/csbn_annual_shareholders_meeting_results_010419_16.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-04-05]