"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ Ақтөбе облысында жылыжай кешенінің ашылуы бойынша жобаны қаржыландырды

04.04.19 15:02
/KASE, 04.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), 2019 жылдың 02 сәуірінде баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы "Green Capital" ЖШС "Сбербанк" АҚ ЕБ қаржылық қолдауымен және "KazakhExport" ЭСК" АҚ-ның сақтандыру қолдауымен Ақтөбе қаласында жылыжай кешенін ашты. Ауқымды аграрлық жоба осы индустрияның әлемдік көшбасшыларының бірі - KUBO Greenhouse Projects B. V. (Нидерланды) жылыжай кешенін сатып алуды, жеткізуді және құрастыруды қамтиды. Жоба аясында кемінде 60 жұмыс орнын құру жоспарлануда. Персонал жергілікті халықтың арасынан тартылатын болады. Жобаны іске асыру үшін 2018 жылғы шілдеде "Сбербанк" АҚ ЕБ "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ- нан Қазақстанның ауыл шаруашылығы секторын қолдау бойынша "Агроэкспорт" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 5,1 миллиард теңгеден астам сомаға "Green Capital"ЖШС несие желісін ашты. "KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы " АҚ қарызды сақтандыруды жүзеге асыра отырып, мәміленің кепілгері болды. Жылыжай кешенін сату және өндірудің жоспарланған көлемі жылына 3000 тонна қызанақ құрайды. Жобаны іске асырудың алғашқы жеті жылында Қазақстан бюджетіне 460 млн. теңгеден астам қаржы төлеу жоспарлануда. Өнімнің негізгі көлемі бірінші кезекте жергілікті тұтынушыларға да, көрші елдердің нарығына да жеткізілетін болады деп болжануда. цитата соңы Баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_040419_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-04-04]