"Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ Петропавловскіде "Royal Palace" қонақ үй-мейрамхана кешені құрылысын қаржыландырды

02.04.19 18:02
/KASE, 02.04.19/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Сбербанк России" Еншілес Банкі АҚ (Алматы), 2019 жылдың 02 сәуірінде баспасөз хабарламасын ұсынды: цитата басы Петропавлда жаңа ірі «Royal Palace» қонақ үй-мейрамхана кешенінің ашылуы болып өтті. Кешеннің құрылысы экономиканың басым секторларына арналған «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында Сбербанк тарапынан «Даму» КДҚ» АҚ-мен бірлесіп қаржыландырылды. Бүгінгі таңда Петропавлдағы осыған ұқсас жобалардың ең ірілерінің бірі болып табылатын жаңа «Royal Palace» қонақ үй-мейрамхана кешені барлық заманауи стандарттарға жауап береді. Қос қабатты кешен 600 орындық банкет залынан, шай ішу бөлмесінен, 150 орындық кіші банкет залынан, 10 қонақ үй нөмірінен және караоке-бардан тұрады. Жобаның жалпы құны 640 млн теңгеден астам соманы құрайды. цитата соңы баспасөз хабарламасының толық нұсқасымен KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/emitters/SBER/sber_reliz_020419_kz.pdf мекен-жайында танысуға болады. [2019-04-02]