02 СӘУІРДЕН БАСТАП РЕСЕЙ РУБЛІМЕН ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІНДЕ KASE КОРРЕСПОНДЕНТТІК ШОТЫ БЕЛСЕНДЕНДІРІЛЕДІ

01.04.19 17:16
/KASE, 01.04.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2019 жылдың 02 сәуірінен бастап Биржаның ресей рубілмен ресей рублі / қазақстандық теңге валюталық жұбы бойынша есептеулер үшін жаңа корреспонденттік шоты ашылады. KASE корреспонденттік шоты Биржаның ресей рублімен "Сбербанк России" БАҚ (Москва) қолданыстағы корреспонденттік шотына қосымша ашылып отыр. Биржаның жаңа корреспонденттік шотының банктік деректемелері жақын уақытта KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/correspondent_account.pdf жарияланады. Сонымен, ресей рублін сату кезінде Биржаның корреспонденттік шотына аударуды көздеген жағдайда, Сауда-саттыққа қатысушыларға KASE есептеу палатасына шет елдік валюталар сауда-саттығы бойынша есептеулер жүргізу Ережесінің 4 қосымшасы нысаны бойынша ақша аудару туралы хабарламаны ұсыну қажет – http://kase.kz/files/normative_base/dmoney_pr4.doc Сұрақтар туындаған жағдайда KASE еспетеу палатасына +7 (727) 237 5334, 296 6401 телефондары бойынша хабарласуға болады. [2019-04-01]