/ҚАЙТАЛАУ/ KASE 2019 ЖЫЛДЫҢ СӘУІР-МАМЫР АЙЛАРЫНА ӨТІМДІЛІГІ БІРІНШІ, ЕКІНШІ ЖӘНЕ ҮШІНШІ КЛАСТАРЫНДАҒЫ АКЦИЯЛАРДЫҢ ЖӘНЕ ДЕПОЗИТАРЛЫҚ ЖАЗЫЛЫМДАРДЫҢ ТІЗІМДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРДЫ

01.04.19, 09:38
/KASE, 01.04.19, 27.03.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) "Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткіштерін анықтау әдістемесі" (Әдістеме) атты KASE ішкі құжатына сәйкес, биржада айналысқа жіберілген акциялардың ішінен 2019 жылдың сәуір-мамыр айларына өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдерін қалыптастырды. Аталмыш тізімдерді Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитеті 2019 жылдың 26 наурызындағы шешімі негізінде бекітті және осы тізімдер, аталмыш тізімдерге кірген акцияларға "Сауда-саттық және Растау жүйесінің жұмыс регламенті" және "Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын мәмілелер бойынша қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне қаржы құралдарын енгізу тәртібі" атты KASE ішкі құжаттарының нормаларын қолдану үшін қалыптастырылды. Төменде өтімділігі бірінші класындағы акциялардың тізімі берілген, бұл тізім 2019 жылдың 01 сәуірінен 31 мамырына дейін қолданыста болады (бағалы қағаздардың атаулары олардың өтімділік көрсеткіштерінің кемуі тәртібімен берілген): 1) "КазТрансОйл" АҚ KZ1C00000744 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KZTO) жай акциялары; 2) "Қазақтелеком" АҚ (KZ0009093241 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTK) жай акциялары; 3) KAZ Minerals PLC GB00B0HZPV38 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, GB_KZMS) жай акциялары; 4) "KEGOC" АҚ (Астана) KZ1C59680013 (KZ1C00001015, KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акциялары; 5) "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ KZ000A0LE0S4 (KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "премиум" санаты, HSBK) жай акциялары; 6) "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ0007786572 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, CCBN) жай акциялары; 7) "Кселл" АҚ KZ1C00000876, (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, KCEL) жай акциялары; 8) "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы" АҚ KZ1C00001619 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, KZAP) жай акциялары; 9) "Газпром" БАҚ RU0007661625 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_GAZP) жай акциялары; 10) Bank of America Corporation US0605051046 KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, US_BAC_) жай акциялары. 11) "Сбербанк" КАҚ RU0009029540 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, RU_SBER) жай акциялары: 12) NOSTRUM OIL & GAS PLC GB00BGP6Q951 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, GB_NTRM) жай акциялары. 13) "Аэрофлот - российские авиалинии" ӨАҚ RU0009062285 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "премиум" санаты, RU_AFLT) жай акциялары; 14) "Қазақтелеком" АҚ KZ1P12280114 (KZ0009094645, KASE негізгі сауда- саттық алаңы, "премиум" санаты, KZTKp) артықшылықты акциялары; 2019 жылдың ақпан-наурыз айларына өтімділігі бірінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымның қалыптастырылған қолданыстағы тізімінен салыстырғанда 2018 жылдың желтоқсан – 2019 жылдың қаңтар айларында өтімділігі бірінші класта акциялар тізімінен "БАСТ" АҚ KZ1C00001015 (BAST) жай акциялары; Банк ВТБ БАҚ RU000A0JP5V6 (RU_VTBR) жай акциялары; "Казатомпром" Ұлттық атом компаниясы акционерлік қоғамының US63253R2013 (KZAPd_USD) депозитарлық жазылымдары шығарылды. Өтімділігі бірінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматы уақытымен 11:30-дан 17:00-ге дейін өткізіледі, өтімділігі екінші және үшінші класындағы акциялардың сауда-саттығы биржада жұмыс күндері алматы уақытымен 15:00-ден 17:00-ге дейін өткізіледі. Акциялармен сауда-саттық үздіксіз қарсылама аукцион әдісімен өткізіліп, егер болжамды мәміленің бағасы осы акциялармен жасалған соңғы мәміленің бағасынан 5 % ауытқыса, акцияларды сатып алу және сату өтінімдерінің бағалары дәл келген немесе қиылысқан жағдайда аялдау тәртібіне ауыстырылады (мұнда франкфурттық сауда-саттық әдісі қолданылады). 2019 жылдың сәуір-мамыр айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/liquid_2019_apr_may.pdf жарияланады. 2019 жылдың ақпан-наурыз айларындағы кезеңіндегі өтімділігі бірінші, екінші және үшінші кластарындағы акциялардың және депозитарлық жазылымдардың тізімдері KASE интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/liquid_2019_feb_march.pdf Бағалы қағаздардың өтімділігі көрсеткішін анықтау әдістемесі http://kase.kz/files/normative_base/metodika_liquid.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Сауда-саттықтың және Растау жүйесінің жұмыс регламенті http://kase.kz/files/normative_base/reglament_trade.pdf мекен-жайы бойынша жарияланған. Қаржы құралдарын Биржа клирингтік қызметті жүзеге асыратын мәмілелер бойынша қор нарығының қаржы құралдарының тізіміне қаржы құралдарын енгізу тәртібі http://kase.kz/files/normative_base/order_instruments.pdf мекен- жайы бойынша жарияланған. [2019-04-01]