29 наурыздан бастап Еуразиялық даму банкінің US29874QDC50 (EBRDU050520) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

29.03.19 11:42
/KASE, 29.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 29 наурызынан бастап Еуразиялық даму банкінің US29874QDC50 (1,5 млрд АҚШ доллары, 05.05.17 – 05.05.20, жартыжылдық купон, жылдық 1,625 %; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигациялардың бастамашысы "NGDEM Finance" АҚ (Алматы) болып табылады. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы Қазақстан қор биржасында қосымша жарияланады. Осы облигацияларға EBRDU050520 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында http://kase.kz/ru/issuers/EBRD/ жуырдағы уақытта жарияланады. [2019-03-29]