"АЛАТАУ-ҚҰС" АҚ KZ1C00001239 (ATKS) артықшылықты акциялары 2019 жылдың 27 наурызынан бастап эмитентінің бастамасы бойынша KASE ресми тізімінен шығарылады

26.03.19 16:53
/KASE, 26.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2019 жылдың 27 наурызындағы шешімімен "АЛАТАУ- ҚҰС" АҚ (Алматы обл, әрі қарай - компания) KZ1C00001239 (KASE балама алаңы, "акциялар" секторы, ATKS) артықшылықты акциялары KASE ресми тізімінен шығарылатыны туралы хабарлайды. KASE 2019 жылдың 18 наурызындағы қорытындысы бойынша KASE банктен келесі құжаттарды алғаны анықталды: - аталмыш облигацияларды ерікті түрде делистингілеу туралы 2019 жылдың 11 наурызындағы өтініші; - 2019 жылдың 12 наурызындағы жағдай бойынша компанияның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімінің көшірмесіне сәйкес аталмыш облигациялардың ұстаушысы А.М. Асанова; - 2019 жылдың 11 наурызындағы аталмыш акцияларды делистінгілеу туралы компанияның жалғыз акционерінің шешімінің көшірмесі. Жоғарыда баяндалған негізінде және KASE ішкі құжаты Листингілік ережелерінің 2.2. тарауының 3 қосымшасының 1 тарауының 1) тармақшасына сәйкес аталмыш облигациялар делистингілеуге жіберілді. Аталмыш акциялар 2017 жылдың 13 наурызынан бастап KASE ресми тізіміне екінші санатына, 2017 жылдың 01 маусымынан бастап, KASE ресми тізімінің негізгі алаңының "акциялар" санатына енгізілген. Олардың сауда- саттықтары 2017 жылдың 13 сәуірінен бастап ашылды. [2019-03-26]