2019 жылдың 26 наурызынан бастап Қазақстан қор биржасында ББҚ-мен автоматты репо нарығында жаңа қаржы құралдарының сауда-саттықтары ашылды

26.03.19 12:36
/KASE, 26.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: KASE мүшесі берген өтініш негізінде Қазақстан қор биржасында 2019 жылдың 26 наурызынан бастап автоматты репо операциялар нарығында төмендегі бағалы қағаздарының репо операцияларының жаңа қаржы құралдарымен сауда-саттық ашылды, репо операцияларының заты ретіндекелесі бағалы қағаздарды пайдалануға рұқсат етілген: - "Кселл" АҚ KZ000A0LE0S4 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KCEL) жай акциялары; - "KEGOC" АҚ KZ1C00000959 (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KEGC) жай акциялары. Репо операцияларына тиісінше R_KCEL_000 және R_KEGC_000 кодтар берілді. [2019-03-26]