18 наурыздан бастап Қазақстан қор биржасында АҚШ долларының теңгеге бағамына (F_USDKZT190326) апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды

18.03.19 12:51
/KASE, 18.03.19/ – Қазақстан қор биржасында (KASE) 2019 жылдың 18 наурызынан бастап орындалуы 2018 жылдың 26 наурызында АҚШ долларының теңгеге бағамына апталық фьючерстің сауда-саттығы ашылды. KASE сауда жүйесінде аталған апталық айлық келісімшартқа қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) F_USDKZT190326 берілген. Индекстер және бағалы қағаздарды бағалау комитетінің шешімімен жоғарыда аталған фьючерстерге алғашқы теориялық бағасы бір АҚШ долларына 378,67 теңге деп белгіленіп, KASE сауда-саттық жүйесінде жарияланған. Апталық фьючерспен соңғы сауда-саттық күні 2018 жылдың 20 наурызы болып табылады. Мерзімдік келісімшарттар бойынша сауда-саттық Биржада жұмыс күндері Алматы уақытымен 10:00 бастап 15:30 дейін, аталмыш сауда-саттық бойынша клирингілік сессия Алматы уақытымен 15:30 бастап 16:00 дейін өткізіледі Туынды қаржы құралдарының биржалық сауда-саттығына KASE деривативтер нарығының клирингілік қатысушылары қатыса алады, оладың тізімі KASE интернет-сайтында http://www.kase.kz/ru/membership/clearing_partcipants мекен-жай бойынша жарияланды. Биржадағы фьючерстер сауда-саттықтарының нәтижелері http://www.kase.kz/kz/fut мекен-жайында жарияланады. KASE деривативтер нарығының қызметін реттейтін, биржаның ішкі құжаттарының мәтіндері http://www.kase.kz/kz/rules_kase мекен-жайында ("Сауда-саттық" қалташасында) орналасқан. [2019-03-18]