"Кселл" АҚ Директорлар кеңесі 2018 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға немесе ЖДҚ 29,86 теңге көлемінде дивиденд төлеуді ұсынды

15.03.19 18:26
/KASE, 15.03.19/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына (KASE), төмендегі туралы хабарлады: ... Қазақстандағы телекоммуникациялық нарығының көшбасшысы "Кселл" акционерлік қоғамы ("Кселл" немесе "Компания", LSE, KASE: KCEL), компанияның Директорлар кеңесі акционерлердің жылдық жалпы жиналысында 2018 жылдың қорытындысы бойынша бір жай акцияға немесе жахандық депозитарлық жазылымға 5 972 млн. теңге, немес 29,86 теңге көлемінде дивиденд төлеуді ұсынды. Бұл 2018 жылдың 31 желтоқсанына аяқталған компанияның таза табысының 70 пайызына сәйкес. ... Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1397323/ мекен-жайында танысуға болады. [2019-03-15]