2019 жылдың 15 наурызынан бастап Шетел валюталарының сауда-саттығы бойынша есеп айырысуларды ережелеріне енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді

15.03.19, 16:35
/KASE, 15.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Директорлар кеңесінің 
2019 жылдың 14 наурызындағы шешімімен "Шетел валюталарының 
сауда-саттығы бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыру ережелері" 
(Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 3 өзгертулер бекітіліп, 
2019 жылдың 15 наурызынан бастап қолданысқа енгізілді.

Аталмыш түзетулерге сәйкес, ресей рублімен жаңа корреспонденттік шотты 
ашуына байланысты "RUB" валютасын көрсетуге қатысты Ереже 4 топ 
тармағымен толықтырылды.

Аталмыш ережелердің жаңартылған мәтіндері жуырдағы уақытта KASE 
интернет-сайтында http://kase.kz/files/normative_base/dmoney.pdf 
жарияланады.

[2019-03-15]