KASE ЕУРАЗИЯЛЫҚ ДАМУ БАНКІНДЕ РЕСЕЙ РУБЛІМЕН КОРРЕСПОНДЕНТТІК ШОТ АШЫЛҒАНЫ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАЙДЫ

15.03.19, 16:11
/KASE, 15.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 
Еуразиялық даму банкінде ресей рублімен корреспонденттік шот ашылғаны 
туралы хабарлайды.

Биржаның шет ел валютасымен биржалық сауда-саттық бойынша 
есептесулерін жүргізу үшін ресей рубілмен жаңа  корреспонденттік шотын 
белсендендіру күні туралы қосымша хабарланады.

Қазіргі уақытта Қазақстан қор биржасында сауда-саттық қорытындысы 
бойынша есептесулер Биржаның "Сбербанк России" БАҚ корреспонденттік 
шоты  арқылы жүзеге асырылады

Биржаның корреспонденттік шоттарының актуалды тізімі KASE интернет-
сайтында http://kase.kz/files/normative_base/correspondent_account.pdf мекен-
жайында жарияланған.

[2019-03-15]