13 наурызда KASE 2019 жылдың ақпан айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысына арналған, БАҚ өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді

12.03.19, 10:07
/KASE, 12.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE немесе Биржа) 2019 жылдың 13 наурызда сағат 14:30 - да Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) өкілдері үшін медиа-брифинг өткізеді. Брифингте 2019 жылдың ақпан айындағы биржалық нарықтың жұмыс қорытындысы туралы статистикалық ақпарат ұсынылады. Іс-шараның спикері – KASE Басқармасы төрағасының орынбасары Андрей Цалюк. Аталмыш іс-шара KASE конференц-залында мына мекен-жайда өтеді: Алматы қ, Байзақов көш, 280, "Almaty Towers" көп салалы кешенінің Солтүстік ғимараты, 1-ші қабат, KASE жаңа пресс-румы. Биржа ай сайынғы медиа-брифингтерді 2017 жылдың мамыр айынан бастап, Биржалық нарықта және KASE қызметіндегі трендтер туралы ақпараттарды мақсатты аудиторияға жедел ұсыну мақсатында, сондай-ақ биржаның ақпарат құралдарымен серіктестік қарым-қатынас орнату мақсатында өткізеді. [2019-03-12]