2019 жылдың 11 наурызынан бастап автоматты репо нарығының маманданымына енгізілген түзетулер қолданысқа енгізіледі

11.03.19, 12:09
/KASE, 11.03.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 
2019 жылдың 07 наурызындағы шешімімен "Автоматты репо 
операцияларының маманданымы" (маманданым) атты KASE ішкі құжатына 
енгізілген № 12 өзгертулер мен толықтырулар (түзетулер) 2019 жылдың 11 
наурызынан бастап қолданысқа енгізіледі.

Аталмыш түзетулермен Standard & Poor's рейтингілік агенттігінің 
халықаралық шкала бойынша "BBB-" төмен емес" деңгейдегі рейтингілік 
бағасы бар эмитенттің МБҚ себетіне  борыштық бағалы қағаздары енгізілуі 
мүмін немесе өзге рейтингілік агенттіктердің халықаралық шкаласы 
бойынша сәйкес деңгейдегі рейтингілік бағасы бар және эмитенттің 100 % 
дауыс беруші акциялары Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне 
жатаындығы анықталды.

Маманданымның жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында 
http://www.kase.kz/files/normative_base/sp_repo.pdf мекен-жайында 
жарияланады.

[2019-03-11]