"Цеснабанк" АҚ акционерлері банктің жарияланған акцияларының санын көбейтпеу, 2018 жылға қаржылық есеп берушіліктің аудитін жүргізу үшін "КПМГ Аудит" ЖШС анықтады және банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлады

01.03.19 12:28
/KASE, 01.03.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Цеснабанк" АҚ (Астана), 2019 жылдың 15 ақпанында болып өткен акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімдері туралы биржаға хабарлады: - банктің жарияланған акцияларының санын көбейтуді жүзеге асырмау; - 2018 жылға қаржылық есеп берушіліктің аудитін жүргізу үшін "КПМГ Аудит" ЖШС анықтау; - банктің Директорлар кеңесінің құрамы бес адамнан тұрады деп анықталсын. Директлорлар кеңесінің мүшелері болып келесі тұлғалар сайлансын: Шигео Катсу, Пан Е.В., Қабылбаев Д.И., Орынбаев Е.Т., Жәмішев Б.Б. Бұдан басқа банктің акционерлері оның еншілес ұйымдарының қызметтерімен байланысты сұрақтар бойынша шешімдер қабылдады. Осы ақпарат жарияланды – http://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_special_shareholders_meeting_results_150219_4080.pdf [2019-03-01]