01 наурыздан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00005808 (EABRK050619) дисконттық облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

01.03.19 11:19
/KASE, 01.03.19/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2019 жылдың 01 наурызынан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00005808 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге, 91 күн; actual/365) дисконттық облигациялары KASE ресми тізіміне "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты бойынша енгізілді. Аталмыш облигациялардың сауда-саттығы ашылуы туралы қазақстан қор биржасында қосымша жарияланады. Осы облигацияларға EABRK050619 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жуырдағы уақытта жарияланады. [2019-03-01]