/ҚАЙТАЛАУ/ 2019 жылдың 21 қаңтарынан 26 ақпанына дейін Қазақстан қор биржасында "Рахат" АҚ KZ000A1CTMZ4 (RAHT) жай акцияларын сатып алу бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтеді

25.02.19 09:52
/KASE, 25.02.19, 21.01.19 жаңалығын қайталау/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2019 жылдың 21 қаңтарынан 26 ақпанына дейін KASE сауда-саттық жүйесінде "Рахат" АҚ (Алматы) KZ000A1CTMZ4 (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, RAHT) жай акцияларын сатып алу бойынша төмендегі көрсетілген шарттармен арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. ------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: жай акциялар ISIN: KZ000A1CTMZ4 KASE сауда-саттық коды: RAHT Акциялардың жалпы саны, дана: тіркелген 3 600 000 орналастырылған 3 600 000 -------------------------------------- --------------------- Сауда-саттық күні: 21.01.19 – 26.02.19 Сатып алудың жарияланған көлемі, дана: 272 013 Лот көлемі, дана: 1 Сауда-саттық заты: акциялар саны Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты және күні: 21.01.19, 11:30 Өтінімдерді қабылдауды аяқтау уақыты: 26.02.19, 13:00 Өтінімдерді растау уақыты: 21.01.19, 11:30 – 26.02.19, 13:30 Кесім уақыты және күні: 27.02.19, 15:00 Төлем уақыты және күні: 01.03.19, 15:00 Өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: кесімді баға бойынша, Биржаның қарсылама өтінімдерді қабылдау уақытымен Сатып алу болжамды бағасы, теңге: 20 228,00 Сауда-саттықты өткізу бастамашысы: "RESMI" "Инвестициялық қаржы Үйі (Алматы) Сауда-саттық жүйесі секторы Eqs_Liq_ST4 Сауда-саттық жүйесі тобы Std_ST4_M ------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде, бағалы қағаздың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртінші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Қаржы құралының саны лот мөлшеріне тең немесе еселі болуы тиіс. Мәміле көлемі Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен мәмілелер сомасын есептеу Әдістемесінің 3 бөлімі 18 – тармағына сәйкес есептеледі, ол http://kase.kz/files/normative_base/bond_yield.pdf мекен- жайында жарияланған. Есептесулер "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ ережелер жиынтығына сәйкес жүзеге асырылады. Бағалы қағаздардың сатып алушысы сатып алынған бағалы қағаздарға төленетін ақшаның кестеде көрсетілген уақытқа дейін "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ корреспонденттік шотында бар болуын қамтамасыз етуі тиіс. Сауда-саттыққа қатысуға тек KASE қор нарығының мүшелері өтінімдер бере алады. Өзге инвесторлар осы заңды тұлғалар арқылы өтінім бере алады. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership мекен-жайы бойынша жарияланған. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат http://kase.kz/ru/shares/show/RAHT/ мекен-жайында жарияланған. [2019-02-25]