"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ Қазақстан қор биржасында "Корпоративтік облигациялар нарығында жыл андеррайтері" атағына ие болды

22.02.19 16:26
/KASE, 22.02.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес банкі) (Алматы, тақырыптамада – "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... Қазақстан қор биржасы жыл сайын олардың ерекше жетістіктері мен қор нарығын дамытудағы қосқан үлесі үшін Қазақстан қор нарығының жекелеген қатысушыларын атап өтеді. Биылғы жылы марапаттау рәсімі 2019 жылдың 19 ақпанында өтті. KASE сарапшыларының мұқият таңдауы нәтижесі бойынша инвсетициялық компания "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ эмитенттерге Биржада 2018 жылы мемлекеттік емес бағалы қағаздарды шығару және орналастыру бойынша қызмет көрсетуде үздік нәтижелерін көрсетті. ... Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1395719/ мекен-жайында жарияланған. [2019-02-22]