"Самұрық-Энерго" АҚ "Горный гигант" қосалқы стансасынан жүктемені жаңартылған "Ерменсай" қосалқы сатнсасына ауыстыру жобасын аяқтады

22.02.19 15:06
/KASE, 20.02.19/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ (Астана) 2019 жылдың 22 ақпанындағы төмендегі туралы хабарлады: цитата басы Алматыда төтенше жағдайлар туындататын және электр энергиясының апаттық жағдайда сөндірілуіне әкеліп соқтыратын қауіп-қатер толығымен жойылды. «СамұрықЭнерго» электр энергиясы холдингінің Алматы энергия кешеніне қарасты «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ жүктемені «Горный гигант» станциясынан қайта жаңартылған «Ерменсай» қосалқы станциясына ауыстыру жобасын аяқтады. Атап өткен жөн, қаланың жоғарғы бөлігінде, тау бөктерінде орналасқан «Горный гигант» қосалқы станциясы арқылы Алматы қаласының Бостандық, Медеу аудандарындағы, Әуезов және Талғар аудандарының бір бөлігіндегі тұрғын үйлер мен өнеркәсіп нысандары электр қуатымен қамтамасыз етілді. Бұл қаладағы тозығы жеткен электр қондырғыларының бірі саналады. Сонымен қатар трансформаторларға түсетін жүктеме өте жоғары деңгейде болғандықтан, жаңа тұтынушыларды қосу мүмкіндігі жоқ еді. 2016 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ-ның Басқармасы және Инвестициялық-инновациялық кеңесі электр қуатының беріктігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында жобаның инвестициялық кезеңін іске асыруды мақұлдады. Құрылыстың жалпы құны 6,7 млрд теңгені құрады. цитата соңы Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/SNRG/snrg_reliz_220219_kz.pdf мекен-жайында жарияланған. [2019-02-22]