"Казкоммерц Секьюритиз" АҚ "Global Finance" АҚ халықаралық басылымының нұсқасы бойынша "2019 жылы шекаралық нарықтағы үздік инвестициялық банк" болып танылды

20.02.19, 12:21
/KASE, 20.02.19/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) мүшесі болып табылатын "Казкоммерц Секьюритиз" ("Казкоммерцбанк" АҚ еншілес банкі) (Алматы, тақырыптамада – "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ), төмендегі баспасөз хабарламасын ұсынды: ... "Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Казкоммерц Секьюритиз" АҚ Global Finance халықаралық басылымының жыл сайынғы 20-шы зерттеулер қорытындысы бойынша 2019 жылы шекаралық нарықтағы үздік инвестициялық банк" ("The Best Investment Bank in Frontier Markets in the World for 2019") номинациясына ие болды. Алғаш рет қазақстандық инвестициялық банк осы номинация бойынша жеңіске жетіп отыр. Марапаттау туралы ақпарат Global Finance журанылның сәуір айындағы санында жарық көрмек. Global Finance журналы туралы толық ақпарат https://www.gfmag.com/ сайтында жарияланған. ... Осы хабарламаның орыс тіліндегі толық нұсқасымен KASE интернет- сайтында https://kase.kz/ru/news/show/1395520/ мекен-жайында жарияланған. [2019-02-20]