"АК Алтыналмас" АҚ 225,9 мың доллар көлемінде қарыз алғаны туралы хабарлады

20.02.19 11:32
/KASE, 20.02.19/ – Акциялары қазақстан қор биржасының ресми тізімінде тұрған "АК Алтыналмас" АҚ (Алматы), Қазақстан қор биржасына 2019 жылдың 14 ақпанында 225 890,78 АҚШ доллары көлемінде қарыз алғаны туралы хабарлады. Қарыз алу мақсаты - "Пустынное" тау кен металлургиялық кәсіпорнын қайта құрылымдау және кеңейту болып табылады. Аталмыш ақпарат – http://kase.kz/files/emitters/ALMS/alms_other_doc_140219_344.pdf мекен- жайында жарияланған. [2019-02-20]